Меншікті футбол команданың пайда болуы – компания өміріндегі маңызды оқиға. Футбол – халықтық спорт және оның жанкүйерлерінің армиясы өте үлкен.

Қызметкерлер үшін Компания жақсы еңбек жағдайларын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар қызметкерлердің бос уақыты мен салауатты демалысы туралы да қам жейді. Сондықтан «Kagazy Recycling» компаниясы өзінің спортпен шұғылданатын қызметкерлерінің мүдделерін ескере отырып, өз футбол командасын ұйымдастырғаны өте заңды.

Спортпен айналысу қызметкерлерге алға жылжу үшін қажетті күшті қалпына келтіруге, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге және мансаптық өсуге ықпал етеді.

Футболдан «Kagazy Recycling» кубогы үшін жарыстар компанияда жыл сайын өткізіледі және қатысушы командаларды да, жанкүйерлерді де көптеп тартады.