«Қазақстан Қағазы» Халықаралық жер күніне арналған сенбілікке қатысуда

18 мамырда «Қазақстан Қағазы» компаниясының маркетинг және макулатура жинау департаментінің қызметкерлері Алматыда болып өткен Халықаралық жер күніне арналған сенбілікке қатысты. Сенбілікке қатысушылардың JTI, BAT, KPMG, Carlsberg, «Аға отырғыз» қоғамдық қоры, «Евразия Центральной Азии (EFCA)» қоры сияқты компаниялар мен ұйымдардың өкілдері де болды.

Сенбілікке қатысушылар Әл-Фараби – Навои көшелерінің қиылысындағы Весновка өзенінің аумағын толығымен тазартып шықты. «Қазақстан Қағазы» компаниясының макулатура жинау департаментінің қызметкерлері ең жақсы жинастыру нәтижесін көрсетті, бұл үшін оларға жүлделер мен естелік сувенирлер тапсырылды.

Шараны Американың Сауда-Өнеркәсіптік палатасы қайырымдылық бастама шеңберінде ұйымдастырды.