«Kagazy Recycling» компаниясы SEDEX SMETA (4 pillar) стандарттары бойынша әлеуметтік аудит рәсімінен сәтті өтті.

Біздің серіктестерімізбен өзара қарым-қатынаста барынша ашықтық саясатын ұстана отырып, «Kagazy Recycling» компаниясы SEDEX SMETA (4 pillar) стандарттары бойынша әлеуметтік аудит рәсімін бастамашылық етіп оны сәтті өтті.

SEDEX (Supplier Ethical Data Exchange) - бұл SMETA аудиттерінің есебін сақтауға арналған және мүдделі тараптарға жеткізу тізбектеріндегі әлеуметтік, экологиялық және этикалық жауапкершілік бойынша жүргізілген аудит туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін нақты уақыт режимінде қол жетімді негізгі халықаралық ақпараттық жүйелердің бірі болып табылатын коммерциялық емес ұйым.

SMETA аудиті (SEDEX Members Ethical Audit) (4 pillar) аудиттің ең толық форматы болып табылады және келесі бағыттар бойынша бағалауды қамтиды:

  • еңбекті қорғау;
  • өндірістік қауіпсіздік;
  • қоршаған ортаны қорғау;
  • еңбек жағдайлары;
  • жеткізушінің іскерлік беделі.

BUREAU VERITAS компаниясы жүргізген аудит нәтижелері https://sedexadvance.sedexonline.com/ вебсайтында жарияланған және жүйеде тіркелген барлық пайдаланушыларға қол жетімді.

Аудиттің сәтті нәтижесі «Kagazy Recycling» компаниясының өз серіктестерімен бизнес жүргізуде барынша ашық екендігінің және қоғаммен өзара әрекеттестігінде жоғары әлеуметтік жауапкершілікті көтеретінің дәлелі болып табылады. 

Бұл аудит компанияның SEDEX ұсынатын этикалық және әлеуметтік нормаларға сәйкес келетінін растайды, сонымен қатар:

  • қолайлы жұмыс үшін қажетті жағдай жасады;
  • қызметтің қоршаған ортаға зиянды әсерін азайтуға бағытталған;
  • жеткізу тізбегіндегі міндеттемелерді уақтылы орындайды.

Жоғарыкөрсетілген аудиттің болуы, біздің клиенттерге әлеуметтік жауапты компаниямен жұмыс істейтінін көрсету болып табылады, бұл оларға имидждік және бедел тәуекелдерін төмендетіп, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мен тұрақтылығы саласында ең төмен тәуекелдермен жеткізу тізбегін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.