BOBST-5 жабдығын іске қосу

2020 жылғы 15 желтоқсанда "Kagazy Recycling" ЖШС-да BOBST-5 жабдығын іске қосу салтанатты рәсімі өтті.

BOBST компаниясы картоннан, гофрокартоннан және майысқақ материалдардан жасалған қаптама өндірушілеріне арналған әлемдік жетекші жабдықтар мен қызметтер жеткізушісі болып табылады.

2020 жылдың қараша айында біздің кәсіпорынға шетелдік мамандар келіп "Kagazy Recycling" ЖШС техникалық бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отыра жабдықты құрастырып сынамалы іске қосуды жүргізді.

2020 жылдың желтоқсан айының басында BOBST компаниясының жетекші мамандарымен кәсіпорынның техникалық қызметкерлеріне оқыту жүргізілді.

Біздің кәсіпорында осы жабдықтыны іске қосу құрылымның күрделілігіне байланысты сағатына 5-6 мың парақ жылдамдығымен үш түсті басып шығаруды қолдана отырып, күрделі кесу өнімдерінің өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.