«Kagazy Recycling» ЖШС-нің 20-жылдығы

2021 жылдың 5 ақпанында «Kagazy Recycling» ЖШС-де компанияның мерейтойына арналған іс-шара өтті. Кәсіпорын 2001 жылдың 5 ақпанында құрылды және 700-ден астам адамдарға жұмыс орындарын ашып тұрақты дамуды көрсете отыра биыл міне 20 жылдығын атап өтеді.

Осы мерекелік күні 2020 жылдың салтанатты қорытындылары жасалды және дәстүрлі 2020 жылдың 2-ші жартыжылдығындағы өндірістің үздік қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Сонымен қатар 2020 жылдың өндірістік департаменттерінің үздік ауысымдары аталды.

«Kagazy Recycling» ЖШС-гі өндірістік қуаттарды дамытуды, ұлғайтуды және жаңғыртуды жалғастыруда. 2020 жылы компанияның бүкіл тарихында рекордты гофроөнім көлемі өндірілді – 114 млн. шаршы метрден астам. 2021 жылы кәсіпорын өз алдына макулатураны қайта өңдеу көлемін ұлғайту, сондай-ақ шығарылатын өнім сұрыпталымын кеңейту мақсатын қойып отыр.