«Kagazy Recycling» компаниясы «Эко өндіріс» санатында «Экология және жасыл экономика көшбасшысы» ұлттық конкурсында 3 орынға ие болды.

5 маусымда Дүниежүзілік экология және қоршаған ортаны қорғау күнін мерекелеу аясында «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ Нұр-сұлтан қаласында «Астана ЭКСПО» аумағында экологтармен, жұртшылықпен, серіктестік ұйымдармен салтанатты кездесу өткізіп, «Экология және жасыл экономика көшбасшысы» ұлттық конкурсының нәтижелерін жариялады.

Байқау нәтижесі бойынша «Kagazy Recycling» компаниясы «Эко өндіріс»  категориясында 3 орынға ие болды.

Байқау жеңімпаздарына дипломдар мен мүсіншелерді Президиум төрағасы Әлия Назарбаева, Басқарма төрағасы Айгүл Соловьева, «Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар халықаралық орталығы» КЕАҚ басшысы Рәпіл Жошыпаев, Халықаралық Экология академиясының президенті Мұсағали Дуамбеков, ҚР Энергетика министрлігі Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті директорының орынбасары Анар Бұлжанова тапсырды.

Байқаудың қазылар алқасының құрамына экологтар, «Жасыл экономика» және тұрақты даму саласындағы мамандар кірді. Іріктеудің басты критерийі іске асырылған іс-шаралар мен жобалардың тиімділігі мен пайдалылығы болды.

Аталған конкурстың мақсаты мен міндеті-экологиялық таза Қазақстанды қолдау мен дамыту және мемлекеттің, азаматтық қоғамның, ғылым мен бизнестің әлеуетін біріктіру арқылы экологиялық проблемаларды шешуге жәрдемдесу.

Іс-шараның қорытынды бөлімінде қатысушылар Назарбаев Университетінің аумағында канадалық үйеңкі көшеттерін отырғызды.