Ағымдағы жылғы 20 сәуірде Алматы облысы әкімінің орынбасары А.Е.Байжанов мырзаның қатысуымен «Kagazy Recycling»

Ағымдағы жылғы 20 сәуірде Алматы облысы әкімінің орынбасары А.Е.Байжанов мырзаның қатысуымен «Kagazy Recycling» ЖШС-ның тазарту ғимараттарының салтанатты ашылуы болып өтті.

Қызыл лентаны қию құрметі Алматы облысы әкімінің орынбасары А.Е.Байжановқа және Қазақстан Қағазы Тобының ірі акционері Томас Матеос Вернерге берілді.

Өз сөзінде А.Е.Байжанов Зауытты сондай-ақ облыс әкімі А.Г.Баталовтың да атынан құттықтап, келесі мазмұндағы алғыс хатты табыс етті: «Сізге және «Kagazy Recycling» ЖШС ұжымына жоғары әлеуметтік жауапкершілік және кәсіпорындағы қазіргі заманғы құрылыстар үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Сіздердің жағдайды және сарқынды су проблемасын шешу тиімділігін түсінулеріңіз сіздерге өте құнды. Кезекті рет Сіздердің компанияларыңыз өз қабілеті мен сенімділігін ғана емес, сонымен қатар экологиялық қауіпсіздік пен әлеуметтік бағдарланудың маңызды принциптеріне тұрақты адалдықты паш етті. Алматы облысы тұрғындарының жүрекжарды алғыс сөздері Сіздердің ауқымды әрі игілікті істеріңізге деген құрмет болсын...".

Томас Матеос және «Kagazy Recycling» ЖШС-ның Бас директоры Виктория Горобцева барлық қонақтарға өз алғыстарын білдіріп, Алматы облысының, Қарасай ауданының және тартылған құрылымдар басшылығының көмегімен ғана қол қойылған меморандум аясында бұл жобаны іске асыру мүмкін болғандығын атап өтті.

«Міне, 17 жылдан астам уақыт біз қайталама шикізаттан экологиялық қаптаманы өндіреміз. Экология және табиғат ресурстарына ұқыпты қарау біз үшін сату және өзге де қаржылық көрсеткіштер секілді маңызды. Бұл табысты бизнес моделі ғана емес, бұл - өмір салты, компанияның мәдениеті. Міне, сондықтан 2017 жылы өндірісте таза суды тұтыну көлемін азайту және сарқынды суларды тазарту бойынша әлеуметтік-маңызды жобаны жүзеге асыру туралы шешім қабылданды», - деп атап өтті өз сөзінде Виктория Горобцева.

Сондай-ақ Виктория Горобцева 2017 жылғы нәтижелер туралы және компанияның алдағы жылдарға арналған жоспарлары туралы әңгімеледі: «Біз өткен жылдың нәтижелерін қуана-қуана шығарып, біздің зауыттың тарихында кейбір рекордтық көрсеткіштерге қол жеткіздік, атап айтқанда: ең үлкен өндіру және сату көлемі, көп көлемде макулатура жиналып, өңделді. Бұл біздің алдағы жылдарымызға үлкен сенімділік береді. Біз өз клиенттерімізбен бірге өсе береміз. Болашақ жобаларымыз: өндірісті жаңғырту, қағаз және қатырма қағаз өндірісі қуатын арттыру, меншікті целлюлоза шикізатын өндіру, сондай-ақ қаптама өнімдерінің түрлерін әртараптандыру. Сондықтан, тұрақты клиенттерімізді адал болып қалуға шақырамын».