«Kagazy Recycling» ЖШС командасы «Red BullSoapbox Race Almaty 2017» жарысына қатысты

«Kagazy Recycling» ЖШС командасы «Red BullSoapbox Race Almaty 2017» жарысына қатысты

Жылдың ең қызықты және есте қаларлык оқиғаның бірі «Red Bull Soapbox Race Almaty 2017» қыркүйектің 24 күні Алматыда өтті.

«Red Bull Soapbox Race» - бұл кәсіби емес жарыстардың халықаралық түрі,импровизацияланған материалдардан құрылған автокөліктермен тәуелсіз бәсекелесу.

Бұл іс-шара үлкен қоғамдық сұранысқа ие болды: қатысуға 70-тен аса команда өтініш білдірді,ал көрермендердің саны 15 мыңнан асты. Сондай-ақ, «Kagazy Recycling» ЖШС командасы осы қызықты оқиғадан тыс қалмай,әлемдегі алғашқы 100% эко автокөлікті жеке өндірістегі қайта өңделген гофрленген картоннан жасалынған велосипедке негіздеп, таза эко автокөлік құрастырды.

Қазылар алқасы автомобильдің өзіндік дизайнын, стильді жарыс костюмдерін және команданың шығармашылық өнімділігін үздік бағалай отырып, 4-ші орын иегері ретінде марапаттады!

Біздің жанкүйерлерімізге қолдау көрсеткендері үшін алғысымыз шексіз!!!