Ел Басының Алматы облысында жургізілген жұмыс сапарына «Kagazy Recycling» ЖШС-нің қатысуы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматы облысындағы жұмыс сапары аясында, Қарасай ауданының ірі бизнес өкілі ретінде шақырылған «Kagazy Recycling» ЖШС-ның бас директоры Виктория Горобцова, қазақ халқының терең тарихын ашатын аса маңызды мәдени объектінің бірі «Батыр Бабалар» мемориалдық кешеніне бару сапарына қатысты.Батырларға арналған мүсіндер жол бойында, мұражай жанында орналасқан. Бұл нысан Қарасай ауданының тұрғындары үшін ерекше маңызға ие. Жобаны ішінара қаржыландыруға аудан тұрғындары мен кәсіпкерлер ат салысты.