Kagazy Recycling өз клиенттері үшін Ашық есік күнін өткізді

«Kagazy Recycling» Компаниясы 25 шілдеде өз клиенттері үшін Ашық есік күнін өткізді. Іс-шараға «Kagazy Recycling» клиент-компаниясы, соның ішінде өңірлердегі 45-ке тарта өкілдері қатысты. Шақырылғандардың ішінде клиент-компаниялардың бірінші басшылары және жабдықтау бөлімінің жетекшілері болды.

Іс-шара шатырлар астында жақын, ынтымақтастық жағдайда өтті. Шатырларға өту «Kagazy Recycling» компаниясының талантты дизайнерлерінің картоннан арнайы жасаған ежелгі грек стиліндегі аркасы түрінде безендірілген. Шатырлар астында қонақтарға жеңіл сусындармен және жеңіл тағамдармен сый көрсетілді, сонымен қатар жағымды араласу орын алды.

Іс-шара барысында «Қазақстан Қағазы» тобының бас директоры Томас Матеос Вернер клиенттерімен соңғы жаңалықтарымен, компания дамуындағы жетістіктерімен және жоспарларымен бөлісті. Гофроөнімдер өндіру жөніндегі департамент директоры Алмаз Рыскалов клиенттерге зауытымызда жақын арада өндіріле бастаған целлюлоза қосылмай таза макулатурадан жасалған жаңашылдық экологиялық таза өнім GreenBox-қорабына тұсаукесер жасады. Сауда департаментінің директоры Камал Ншанова клиенттерге сауда департаментінің жұмысындағы жаңарулар туралы айтып берді. Тұсаукесерлерден соң сауалдар қойылды, қызу пікірталас орын алды, пікірлер алмасты.

Тұсаукесерлік бөлім аяқталған соң барлық клиенттерге Kagazy Recycling өндіріс мамандары өндіріс барысының барлық кезеңдері жайлы айтқан зауытқа саяхат жасауды ұсынды, қолданылатын жабдықтар мен пайдаланылатын технологиялар көрсетілді. Іс-шараның өтуі қонақтарды да, ұйымдастырушыларды да ризашылыққа бөледі және Kagazy Recycling компаниясы мен оның клиенттері арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіншілік жасады.