Қазақстан Қағазы компаниясы инновациялар саласында беделді сыйлыққа ие болды

«Қазақстан Қағазы» компаниясы инновациялар саласындағы үлесі үшін Америка сауда палатасының беделді наградасына ие болды (2014 Excellence in Innovation Award). Марапаттау салтанаты 2014 жылдың 31 мамырында Rixos қонақ үйіндегі ресми қабылдау кезінде болып өтті. Оған «Қазақстан Қағазы» АҚ бас директоры Томас Матеос Вернер, картон және қағаз өндірісінің бастығы Талғат Әжібеков және гофроөнім өндірісінің бастығы Алмаз Рысқалов қатысты.

Мұндай беделді марапатқа Қазақстан Қағазы 2013 жылдың тамыз айында Kagazy Recycling зауытының инженер-технологтар командасының картон және қағаз өндірісінің бастығы Талғат Әжібековтің жетекшілік етуімен жүзеге асырған ілгері шараның арқасында ие болды. Үш ай тынымсыз еңбектенуден кейін инженер-технологтар тобы бұрында Ресейден әкелініп отырған маркасы БТ-1 оңған (теңбіл) картонның өнеркәсіптік өндірісінің басталғаны туралы мәлімдеді. Қазақстан нарығында компания макулатурадан оңған картонның жалғыз өндірушісіне айналды, ол өзін қағаз нарығының сарапшысы әрі көшбасшысы ретінде көрсетуде.

Қазақстан Қағазы 2013 жылдан бері Америка сауда палатасының белсенді мүшесі болып табылады.