Kagazy Recycling жауапты орман пайдалану мәселелеріне арналған экологиялық шара өткізді

26 мамырда «Астана» қонақ үйінде Kagazy Recycling компаниясы ұйымдастырған орман ресурстарына жауапты қарау мәселелері бойынша экологиялық шара болып өтті. Шараға белсенді жастардың өкілдері, БҰҰДБ бағдарламасының, сондай-ақ келесі жетекші экологиялық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты, олар: «Тұрақты дамуға ықпал ету» орталығы, «KazWaste» қауымдастығы, ОАӨЭО, «ЭкоИДЕЯ» ҚҚ, «Ағаш отырғыз», FLEX бағдарламасын бітірушілердің қауымдастығы, «КӘЖ Орталық Азия» ҚҚ, «Бизнес-жастар» қозғалысы, «Тұрақты өндіру пен тұтыну орталығы» корпоративтік қоры.

Шараның бағдарламасында компания өкілдерінің және ТМД елдеріндегі негізгі клиенттермен жұмыс жөніндегі FSC өңірлік өкілі Мариам Маттиланың тұсаукесерлері қамтылған болатын. Оған қоса, шараның қатысушыларына «Мен орманды таңдаймын!» WWF деректі экологиялық фильмі көрсетілді. Фильм Мәскеу мемлекеттік университетінің студенті Артемнің Ресейдің орман секторының ілгері кәсіпорындары мен ұйымдарына іс-жүзінде жасаған саяхатына негізделе отырып түсірілген. Фильмнің басты мақсаты - орманды тұрақты басқару, пайдалану ұстанымдары мен оны жаңартып отырудың маңыздылығы туралы әңгімелеу.

Шара аясында ерікті ормандық сертификаттау мәселесіне үлкен көңіл бөлінген, мұндай сертификаттау халықаралық деңгейде био сан-алуандықты баламалы қаржыландырудың 12 механизмінің бірі деп танылуда. Ерікті ормандық сертификаттау жайлы шараның қатысушыларына Мәскеуден келген Орман қамқоршылық кеңесінің (Forest Stewardship Council, FSC) өкілі Мариам Маттила әңгімелерді. FSC — әлемдік орман ресурстарын сертификаттау саласында жұмыс істейтін және табиғи орман пайдалану идеяларын ілгері жылжытып отырған халықаралық коммерциялық емес ұйым.

Шараны ұйымдастырушыдар қатысушыларға арнап танымдық экологиялық викторина өткізді, өз кезегінде, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық қоғзалыстардың өкілдері экология мен тұрақты даму саласында жүзеге асырылып отырған ағымдағы жобалар жайлы әңгімелеп берді.