KagazyRecycling Американың Сауда Палатасының сенбілігіне қатысты

Kagazy Recycling компаниясының қызметкерлері Жер күніне арналған Американың Сауда Палатасының сенбілігіне қатысты. 17 мамырда болып өткен науқан шеңберінде Американың Сауда Палатасына мүше-компаниялардың қызметкерлері Алматы қаласындағы Сайран көлінің солтүстік-шығын бөлігін тазалап шықты.

Американың Сауда Палатасының әлеуметтік жауапты компаниясы әрі белсенді мүшесі болғандықтан «Kagazy Recycling» ЖШС осы науқанның демеушісі ретінде шықты, ал оның қызметкерлері сенбілікке барынша ат салысты.

Американың Сауда Палатасының жыл сайынғы экологиялық науқанына қатысу Қазақстан мен Орталық Азиядағы өңделген шикізаттан гофорқаптаманың ең ірі өндірушісі - KagazyRecycling компаниясы үшін дәстүрге айналды. Әлеуметтік жауапкершілік және экологиялық қауіпсіздік – компанияның бизнес-үлгісінің және оның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саясатының негізі.