«Қазақстан Қағазы» компаниялар тобының басшылары Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясына қатысты

«KazakhstanKagazyPLC» (бұдан әрі - Компания) Директорлар кеңесінің Төрағасы Сэр Тони Болдри, Компаниянгың Бас директоры Томас Матеос Вернер және Компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі Сарош Зайвалла «Қазақстан -2050» стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» атты тақырыпта Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясына қатысты.

Сессияда Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н. Ә. Назарбаев сөз сөйледі. Елбасы өзінің сөзінде қоғамымыздағы тұрақтылық пен келісімнің 2050 стратегиясын іске асырудың аса маңызды факторы болып табылатынын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық толеранттық пен келісім моделін одан әрі дамыту бойынша бірқатар қосымша шараларды қабылдау қажеттігін атады.

Сессия барысында Томас Матеос Вернер мырзаға сөз берілді, ол Еуропа елдерінде ұлтаралық достықтың қазақстандық моделін көрсету және Ассамблеяның миссиясын орындау үшін Лондон қаласында Бейбітшілік пен Келісім орталығын ашуды ұсынды.

«Қазақстан Қағазы» – бұл өзінде әртүрлі ұлттар мен халықтардың 20-дан астам өкілдері қызмет ететін компания. Бұл факт бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан 100-ден астам ұлтты қамтитын Қазақстан халқының сан-алуандығын көрсетеді. Дәл сол себептен мен Қазақстанның көпұлтты және көпконфессиялық қоғамды қалыптастырудағы тәжірибесін ілгері жылжыту мақсатында Лондон қаласында Бейбітшілік пен Келісім орталығын ашуды ұсынамын», - деп мәлімдеді Вернер мырза.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов Томас Матеос Вернердің ұсынысын былай деп қолдады:“Біз «Қазақстан Қағазы» компаниясы басшылығының ұсынысын толықтай қолдаймыз. Мұндай орталық ашу Қазақстанның бейбіт көпұлтты қоғамды қалыптастыру процесіндегі бірегей тәжірибесі жайлы әңгімелеп беруге мүмкіндік тудырады”.

«Біз үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясының жұмысына қатысу үлкен құрмет. Компаниямыздың стратегиясы, сондай-ақ біздің бизнесіміздің «жасыл» әлеуметтік-жауапты моделі Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан 2050» стратегиясына негізделген», - деп атады Компанияның Директорлар кеңесінің Төрағасы Сэр Тони Болдри. «Қазақстандағы қызметіміздің бұдан әрі кеңейту мақсатында біз Компанияның инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыруға қуана-қуана кірістік», - деп қосты ол.

«Қазақстан Қағазы» компаниялар тобы Лондонның қор биржасына қатысатын Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік холдингтерінің бірі болып табылады.

«KagazyRecycling» ЖШС («Қазақстан Қағазы» компаниясының құрамына енеді) өңделген шикізаттан қағаз пен қаптаманың ең ірі өндірушісі болып табылады, PEAK ЖШС («Қазақстан Қағазы» компаниясының еншілес компаниясы) – Қазақстан мен Орталық Азиядағы жетекші логистикалық оператор және индустриалды девелопер.