«Қазақстан қағазы» Еуробактың естелік сыйлығына ие болды

Қазақстан Қағазы компаниясының өкілдері Қазақстанның Еуропалық Бизнес Қауымдастығының 21 ақпанда Алматы қаласында ұйымдарған корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы ең үздік жобаларды салтанатты марапаттау рәсіміне қатысты.

2013 жылы алғаш рет іске қосылған бұл жоба 32 компанияның қатысу туралы өтінімін жинады, аталмыш компаниялар 51 жобаны қарауға арнап ұсынды деп Қауымдастықтың кеше таратылған баспасөз-хабарламасында айтылған.

Наградалар келесі алты номинация бойынша ұсынылды: «Балаларды қолдау», «Ардагерлерді қолдау», «Әртүрлі әлеуметтік топтарды қолдау», «Кәсіпкерлерді қолдау», «Қоршаған ортаны қорғау», «Студенттерді қолдау». Қазақстан Қағазы «Балаларды қолдау» номинациясы бойынша өзінің «Табиғатқа қамқорлық – балаларға көмек» атты жобасын ұсынды. Аталмыш жобаны компания 2013 жылы Американың Сауда Палатасының КӘЖ бойынша жұмыстық тобы шеңберінде іске қосқан болатын. Жобаның мақсаты компанияларды қағаз қалдығын өңдеуге өткізумен, барынша «экологиялық таза» бизнес жүргізуге, ал макулатураны өткізуден түскен қаржыны ерекше қажетсінуі бар балаларға арнап «Кеңес» кешенді оңалту орталығына аударып отыруға ынталандыру болып табылады. Жоба Еуробактың естелік сыйлығына ие болды.

Жеңімпаздардың арасында – Джей Ти Ай Казахстан, KPMG, Еуропаның Қайта құру мен Даму Банкі / БиДжи компаниясы, Beeline Казахстан, Siemens, Aristan Project Management Group компаниялары. Былтырғы жылы «Қазақстан Қағазы» компаниясы Going Green экологиялық жобасын ұсынумен тағы да Еуробактың сыйлығына ие болған болатын.