«Kagazy Recycling» ЖШС био алуан түрлендіру бойынша ПРООН конференциясына қатысты

Kagazy Recycling компаниясының өкілдері Астана қаласындағы 2013 жылдың 19 желтоқсанында өткен био алуан түрленуді сақтау бойынша ПРООН семинарына қатысты.

2010 жылдың қазанында Нагоя жапон қаласында Қазақстан био алуан түрлендіру туралы Конвенция жақтаушылар қатарынан био алуан түрлендіруді сақтау бойынша масштабты жаһандық стратегиялық жоспарға келісімін берді. Бұл мәнмәтінде Германияның қоршаған орта Федералды министрлігі және Еуропалық одақтың қаржылық қолдауымен халықаралық деңгейде «Био алуан түрлендіруді басқаруда (BIOFIN) инвестицияларды ұлғайтуға арналған трансформациялық саясатты және қаржы механизмдерін құру» жобасын жүзеге асыру басталды. Жобаның Қазақстанда іске асырылуы БҰҰ даму Бағдарламасымен жүзеге асырылады.

BIOFIN био алуан түрлендірулерді балама қаржыландырудың 12 механизмдерінің бірі ретінде экологиялық тұрақты тәсілімен жасалынған, тауарлар мен қызметтердің тәуелсіз сертификатталуын ұсынады. Kagazy Recycling өкілдерін компания 2012 жылдың желтоқсанында алған Орман қамқорлық кеңесінің (Forest Stewardship Council, FSC) сертификатының жалғыз иегері ретінде семинарға қатысуға шақырды.

FSC сертификатын иелену Компанияның жауапты орман пайдалану қағидаларын ұстанушысы ретінде куәландырады. Өнім өндірісі үшін шикізат ретінде тек макулатураны қолдана отырып, Компания орман ресурстарын сақтауға ықпал етеді және био алуан түрлендіруге зиян келтірмейді.

Семинарда Kagazy Recycling Орман қамқорлық кеңесіндегі өзінің «жасыл» егжей-тегжейлігі мен сертификатталуы туралы презентация жүргізді. Мемлекеттік органдардың, халықаралық мекемелер мен бизнес-құрылымдардың өкілдерінің қатысуымен өткен семинар Қазақстандағы био алуан түрленулерді басқару тәжірибесіндегі әртүрлі қаржы механизмдерінің интеграция мүмкіндіктерін талқылауға арналған диалогтық алаңға айналды.