Томас Матеос «KazWaste» қалдықтарды басқару қауымдастығы басқармасының тең төрағасы етіп сайланды

4 желтоқсанда Астанада «KazWaste» қалдықтарды басқару қауымдастығы мүшелерінің Жалпы жиналысы болып өтті, онда қауымдастық басқармасының төрағасы сайланды.

Жиналыста Қауымдастық мүшелері оның Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұғырнама аясындағы жұмысының стратегиялық бағыттары әзірленді, сондай-ақ қалдықтарды басқару саласындағы ұлттық заңнамаға өзгертулер енгізу бойынша ұсыныстар талқыланды.

«KagazyRecycling» ЖШС Бас директорының міндетін атқарушы Жанат Даиров жиналыста компанияның Қауымдастықты дамыту жөніндегі көзқарасы мен стратегиясын ұсынды.

Сондай-ақ жиналыста Қауымдастықтың басқарма құрамы сайланды. Басқарма мүшелерінің арасынан Басқарма Төрағасы – Махамбет Айдар Кеңесбекұлы («KazakhstanRubberRecycling» ЖШС) мен Басқарманың тең төрағасы – Томас Матеос Вернер («Қазақстан Қағазы» АҚ) сайланды. Қауымдастықтың атқарушы директоры етіп Мустафина Вера Владиленовна («ҚР-ның тұрақты дамуына көмек жасау» орталығы) сайланды.

«KazWaste» қауымдастығы 2013 жылы кәсіпорындарға, мемлекет органдарына, жұртшылыққа қалдықтарды басқару саласындағы қызметті жүзеге асыру барысында туындап отыратын мәселелер мен проблемаларды шешу ісінде көмек көрсету мақсатында құрылған болатын. Қауымдастықтың қызметі Қазақстандағы қалдықтар саласындағы мәселелерді инновациялық технологияларды қатыстырумен, халықаралық стандарттарды ұстанумен кәсіби тұрғыдан шешуге бағытталған, бұл экология мен экономиканың арасындағы теңгерімді нығайтуға мүмкіндік береді. Қауымдастықтың жұмысы өнеркәсіптік кәсіпорындардың, мемлекет пен халықтың мүддесін қорғауға ықпалын тигізеді.

Қазіргі таңда Қауымдастық өзінің құрамында коммуналдық және өнеркәсіп қалдықтарын, сонымен бірге макулатура, пластик, шина, ескі электроника, құрамында мұнай бар және өзге түрдегі қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жарату бойынша мамандандырылған кәсіпорындардан, сондай-ақ қайталама материалдардан өнім шығару кәсіпорындарынан құралған 20-дан астам заңды тұлғаларды біріктірген.