«Kagazy Recycling» Астанадағы Назарбаев Университетінде экологиялық науқанға қатысты

2013 жылдың 6 қарашасы күні Астанада Назарбаев Университетінде «Қалдықты іріктеп жинасаң – Қазақстан табиғатын сақтайсың!» атты науқан өтті. Науқан қалың жұртшылықты Қазақстан Республикасында қалдықты іріктеп жинау басталғаны туралы хабардар ету жобасы аясында өтті.

Бұл іс-шараны Қоршаған орта және су ресурстары Министрлігі, ал жобаны орындаушы «Тұрақты дамуды қолдау» орталығы қолдады.

«Қазақстан Қағазы» АҚ-ы мен оның еншілес компаниясы «Kagazy Recycling» макулатураны өңдеп одан қағаз бен қораптық өнімдерін шығаратын Қазақстандағы ең ірі компания ретінде осы науқанға қатысып, белсенділік көрсетті. Қазақстан қағазының Назарбаев Университетіндегі экологиялық науқанға қатысуы - ол ауқымды Going

Green Жасыл бастамасының бір бөлігі. Бұл бастама халыққа қалдықты іріктеп жинау мәдениетін уағыздау және макулатура көлемін арттыруға бағытталған.

Науқан барысында салтанатты түрде қалдықты іріктеп жинау процесі көрсетілді: төрт контейнер қойылды – макулатура, пластик қалдығы, ескі электрондық техника, т.б. қалдықтар.

Әрі қарай бұл контейнерлерді әдейі мамандандырылған қалдық жинау әрекетін басқару компаниялары: «Қазақстан Қағазы» АҚ, «Костенко КИ», «Эко Дом Kz» алып кетіп отырады.

Сондай-ақ, «Тұрақты дамуға ықпал ету» орталығы мен NURIS жастар Кеңесі Университетте «Gardage-art competition» атты қайта өңделген қағаздан әртүрлі ойыншық, әшекейлер, кәдесыйлар сайысын өткізді. Сайыстың да көздегені – мұғалімдер мен студенттер, қалың жұртшылық арасында қалдықты іріктеп жинау мәдениетін уағыздау «Қазақстан Қағазы» АҚ мен «Эко Дом Kz» сайыс жүлдегерлеріне бағалы бәйгелер табыстады. Сайыста әрбір қатысушы қалдықты өңдеп пайдалануда өзінің шығармашылық ой-пікірін білдіре алды.

Назарбаев Университетінде өткен экологиялық науқан нәтижесінде әлемдік озат тәжірбиесін, технологияларын пайдалана отырып қалдықты іріктеп жинаудың рационалды жүйесі енгізілді.

Бұл үлгі әрі қарай кең тарап қалдықты іріктеп жинау жүйесі толық енгізіле басатаса, 70% шикізат өнімін жинап оны қайта өңдеуге беріп отырған болар едік.

Қазақстанда қалдықты қайта өңдеу және рационалды жүйені кеңінен енгізу мәселесін талқылау мақсатында сол күні «Тұрақты дамуды қолдау» орталығы «Қазақстанның «Жасыл» экономикаға көшу аясында қалдықты іріктеп жинау жүйесін дамыту» атты семинар ұйымдастырды.

Семинар барысында жоспар құрылып ұсыныстар керекті министрліктер мен ведомстволарға жіберілді. «Қазақстан Қағазы» АҚ-ң осындай экологиялық науқандарға қатысуы – бизнесті экологиялық бағытта жүргізуге және Қазақстанның «Жасыл» экономикаға көшуіне қажырлы үлес қосатынын тағы да дәлелдей түсті.