«Kagazy Recycling» компаниясы халықаралық «Kazupack – Kazakhstan 2013» көрмесіне қатысты

«Қазақстан Қағазы» холдингінің еншілес «Kagazy Recycling» АҚ 11-ші Қазақстандағы халықаралық «Қораптау, Қорап, Этикетка және полиграфия» «Kazupack – Kazakhstan 2013» көрмесіне қатысты. Көрмені ұйымдастырушылар көрме саласындағы атақты ITECA, ITE GROUPPLC компаниялары. Көрме Алматы қаласында 5-8 қараша күндері өтті. Қораптың неше түрлі өнімін көрмеге шығарды – қағаз, иілмелі, қаңылтыр, әйнек, пластик. 11 елден келген өндіріс өкілдері. Нарықтағы озат «Kagazy Recycling» көрмеге әртүрлі пішіндегі қораптар ұсынды. «Kagazy Recycling» – компаниясы барлығына ортақ қазіргі кезде мәні зор Going Green тақырыбын алған, Экологиялық қорап өнімін шығаратын әлеуметтік жауапкершілігі бар компания ретінде «Kagazy Recycling» өз стендін «Жасыл» тақырыпта әрледі.

Картон корзинаға салынған жасыл алмалар, гофрокартоннан жасалған жасыл тал, әдейі көрмеге арнап картоннан жиналған трансформер-робот. «Kagazy Recycling» компаниясының өнімді дамып-жетілдіру бөлімінің бұл стендіне серіктес мамандар ғана емес, жалпы қалың жұртшылық жиналып тамашалады.

Inter Continental отелінде көрменін ашылу салтанатында «Kagazy Recycling» стендіне жоғары баға берілді. Жалпы «Kagazy Recycling» компаниясының көрмеге қатысуы өте нәтижелі болды. Әріптестеріміз клиентті сол жерде тартып, оған мән-жәйды түсіндіріп, сұрақтарына жауап беріп, ынтымаққа келіскендерін баға мен әрлеудің жолдарын айтып, келіссөз жүргізді. Төрт күнге созылған көрме кезінде 400-ден астам серіктестікке ынталы клиенттермен келіссөз жүргізіліп оның төрттен бір бөлігі «Kagazy Recycling» серіктестігіне жақын арада клиент болатынын мәлімдеді.

«Қазақстан Қағазы» АҚ бас директоры Томас Матеос Вернер да компанияның көрмеге қатысуы - экологиялық, әлеуметтік жауапкершілікті ұстанып отырғанымыздың тағы бір дәлелі – деді.

Тұжырымдай келгенде, компания болашақта Қазақстанның ең танымал, қымбат бренді болатынына мол мүмкіндік бар.