Қазақстанда алғаш рет «Kagazy Recycling» ЖШС-і ағартылған картон өндірісінің басталғаны туралы хабарлады.

Алматы, Қазақстан. Дүйсенбі күні, 2013 жылы 26 тамызда «Kagazy Recycling» ЖШС гофроөндіріске шикізат есебінде қолданылатын БТ – 1 маркалы ағартылған картонның өнеркәсіптік өндірісі басталғаны туралы хабарлады. Бұрын Ресейден алынатын бұл өнімді енді Қазақстандық кәсіпорын шығаратын болды, демек, оның бағасы отандық тұтынушыға тиімді болмақ.

Ағартылған картон өндіру сынақтық байқауы екі тәулік бойы жүргізілді. Алынған нәтижелер Қазақстанда ағартылған картон өндіретін жеке өндіріс бар деуге толық негіз болып отыр. Айта кететін нәрсе, «Kagazy Recycling» өндірген ағартылған картон толық халықаралық талаптар мен нормативтерге сай.

Бұл жағдайды «Қазақстан Қағазы» АҚ мен «Kagazy Recycling» ЖШС-ң бас директоры Томас Матеос Вернер: «Біздің қағаз бизнесі қуатының негізінде ағартылған картонның өнеркәсіптік өндірілуі Қазақстанда қағаз өндіру саласында біздің компанияның көшбасшы екенін дәлелдей түседі».

Бірінші кезеңде айына 300 тонна ағартылған картон шығару көзделіп отыр, әрі қарай ай сайын 500 тонна өндіреміз. Барлық қазақстандық қағазшыларды бұл жетістікпен құттықтаймын!

«Kagazy Recycling» ЖШС – «Қазақстан қағазы» холдингінің еншілес компаниясы – өңделген шикізаттан қағаз бен қорап өндіреді. «Kagazy Recycling» Қазақстан нарығында 50% құрайды, Орта Азияда және Қазақстанда қағаз бен қорап өндіретін ең ірі өндіріс.