ҚазҰУ студенттері Going Green – ді қолдайды

Қазан айында Going Green жобасының шеңберінде макулатура жинаудан ең жоғары көрсеткіш бойынша Kagazy Recycling компаниясымен бірлесіп өткізген «Экологиялы ҚазҰУ» байқауына белсенді қатысқан ҚазҰУ (әль –Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің) студенттерін марапаттау рәсімі өтті. 5 факультетке дипломдар тапсырылды, соның арасында бірінші және екінші орынға ие болған Биология және Биотехнология, Журналистика факультеттерін ерекше атауға болады.